Қазақстан
1 мин оқу 380
«АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейді
<p style="text-align: justify;">Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай өзінің <a href="https://www.facebook.com/100000325877165/posts/pfbid02tawoX1vpy6LtarSRXZzTyVbnp6jzHiz6BXxw98AcZEwN9XmGDHSv4CRwBZMsBRM3l/?mibextid=Nif5oz">Facebook</a> парақшасында «АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейтінін жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Әлеуметтік желілерде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ», деп жазды Руслан Желдібай.
Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Соңғы деректер бойынша Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Бөлісу:
