Ұстаз
2 мин оқу 446

Жаңашыл жетекші

<p style="text-align: justify;">&laquo;Атасу кентіндегі Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің мұғалімі Нұргүл Шамаева әрқашан жаңашыл ізденістерімен ерекшеленіп жүреді. Ойлап таппайтыны жоқ. Қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысады. Білікті де білімді ұстаз. Шәкірттеріне ардақты, ұжымына құрметті&raquo;. Аталған мектептің директоры Салтанат Байшөкенова Нұргүл туралы осылай деді. Біз мектеп басшысы мақтауын жеткізген мұғаліммен танысқанша асықтық.</p>

Жаңашыл жетекші

Қазір шыны керек, смартфон ұстамайтын бала жоқ. Қанша жерден «ұстама, ұстауға болмайды» дегенмен талап тек сөз күйінде қалып келеді.

– Мәселе – оқушылардың оқу кезін­де телефонға алаңдамауы. Сондықтан мен олардың телефондарын сабақ бас­таларда жинап аламын да, қайтатын кезде ғана беремін. Бұрын қорапқа са­лып қоятын едім, жақында өз қа­ражатыма арнайы шкаф істет­тім. Рас, 50 мың теңге жұмсадым. Азды-көпті қаражат жұмсағаннан ешкім де кедейленіп қалмайды ғой. Сыныпқа, сабаққа керегі бар ма, кез келген нәрсені өзім жасата саламын. Есесіне әдемі көрінеді әрі бала бойында мәдениетті қалып­тас­ты­­ра­ды, – деген Нұргүлдің сөзі таңданды­рып тастады. Мектеп қажеттілігі үшін қай мұғалім қалтасындағы қаржысын жұмсайды? Осылай ойлаймыз ғой. Қателеседі екенбіз, бар екен ондай жандар.

«Оқуға құштар мектеп» деп аталатын жоба бар. Мектептегі барлық дерлік іс-шара осы бағдарлама аясында жүргізіледі. «Мектеп оқуға құштар болуы үшін ұстаздар жаңашылдыққа ұмтылмаса, ізденімпаздыққа ынталы болмаса, ештеңе де өнбейді». Бұл – Нұргүл Шамаеваның пікірі.

пын

Оған биыл 6 «А» сыныбына жетек­шілік жасау жүктелді. Ол сыныпқа бөлінген кабинетті безендіруге ай­рықша көңіл бөлді. Кабинеттің іші кірсе, шыққысыз. Әртүрлі гүлдер көздің жауын алады. Отаншылдық туған жерді сүюден, соның қасиетін ұғынудан бас­талады. Танымал тұлғалардың пор­т­реттері, тарихи орындардың сурет­тері арнайы тұғырларға орнатылыпты. Көзбен көрген көңілге қонақтайды. Кітап сөресінің өзі қандай? Осының бәріне ол 200 мың теңгедей қаржысын жұмсаған көрінеді. Мұнда қойылған әр­бір нәрседен ізденістің іздері менмұн­далап тұр.

Оның еңбек өтілі – 22 жыл. 2001 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған ол содан бері ұстаздық жолда тер төгіп келеді. Абыройлы. Ардақты. Құрметті. Қадірлі. Бұ­дан артық не керек? Бәрі де сол әрдайым жаңашылдыққа ұмты­латын ізденімпаздықтың арқасы.

Ұлытау облысы,

Жаңаарқа ауданы 

Бөлісу:
Жаңашыл жетекші · Egemen Qazaqstan