Театр
2 мин оқу 295

«Асауға тұсау»

<p style="text-align: justify;">Облыстық драма театрда Уильям Шекспирдің &laquo;Асауға тұсау&raquo; мұңды комедиясы көрермен назарына ұсынылды. Әуелі қойылым жабық түрде көрсетіліп, кәсіби мамандардың пікірі тыңдалды.</p>

«Асауға тұсау»

Көрермен залына кірген бетте бейне бір Шекспир өмір сүрген XV-XVI ғасырға тап болғандай күй кештік. Сахна суретшілері сол заманның классицизм стиліндегі сәу­лет өнерін әбден зерттеп барып іске кіріскенге ұқсайды. Тарихты парақтасақ, «Асауға тұсау» комедиясы театр сах­насына 1948 жылы шық­қан екен. Содан бері бұл қойы­лым барлық буындағы ак­терлердің шеберліктерін шың­дап келеді. Спектакльдің қоюшы-режиссері Барзу Аб­дураззаков 500 жыл бұрын жазылған пьесаның әлі де өзекті екенін айтады.

– Бұл қойылымға аса жа­уапкершілікпен дайындалдық. Актерлер дайындық кезінде барын салды. Көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. Айта кетейін, У.Шекспир бұл шығармасын 28 жасында ғана жазып, мәңгілік дүние қалдырды, – дейді Тәжікстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Барзу Абду­ра­аззаков.

Италияның Падуя қала­сында өрбіген оқиғаға тоқталып өтейік: апалы-сіңілі қыздардың бірі Бьянка биязы, мейірімді, кішіпейіл болса, Катеринаның мінезін адам түсініп болмайды. Шаппа-шап кетуге әзір тұрады. Әкелері Баптиста бол­са, Бьянкаға ғашық болған жігіт Люченциоға алдымен Ка­теринаны күйеуге беруім керек деп шарт қояды. Қызу­­­қанды қызға қайбір жігіт қы­зықсын. Ақыры амалын тапқан Люченцио тәкаппар, өр­көкірек Петручиоға барып, ауқатты отбасында мінезі шайпау қыз барын айтады. Алған беттен қайтпайтын Пе­тручио Бьянкаға сөз салып қана қоймай, өз дегеніне көн­діріп, «бетегеден биік, жусаннан аласа» етіп тәрбиелейді. Керісінше, салиқалы деген Катерина күйеуінің шақыр­туы­на келмей ыңғайсыз жағдайға қалдырады...

Жуықта ғана көрерменге жол тартқан спектакль көп­шілікке ой салып, санадағы сан сұраққа жауап беруі мүмкін.

Өскемен 

Бөлісу:
«Асауға тұсау» · Egemen Qazaqstan