Пікір
4 мин оқу 262

Барлық салада қырағылық қажет

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты қоғамдық ойға қозғау салып, қызу талқыға түскенін әлеуметтік желіден де байқап отырмыз. Қоғамға түсініксіздеу көрінген көп жайттың беті ашылды. Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқтығы, оған &laquo;халық көтерілісі&raquo; деп баға бергісі келетіндер қылмыстық әрекеттерді ақтау үшін ғана айтылғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы күрделі кезеңде мүдделі топтар &laquo;екі кабинеттің ортасында&raquo; жүгіріп жүріп, есебін түгелдеп алғысы келгендер туралы пікірін білдірді.</p>

Барлық салада қырағылық қажет

Президент айтып өткендей, «Қалай десек те, қоғамда үл­кен және кіші президент деген болмауы керек. «Кеттің бе – қайырылма!» деген ұста­ным болашақта ел тізгі­нін ұс­тайтын азаматтар осы жағ­дай­дан сабақ алып, мұндай нәр­седен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс» деген қағида – бүгінге де, ертеңге де сабақ деп санаймыз. 

Мұндай ұстанымның ашық айтылуы қоғам мен биліктің арасын жақындатады.

Осыған дейін де қоғамдық сананы жаңа сатыға көтеруге бағыттайтын мемлекеттік ше­шімдер қабыл­дан­ғанына куә болғанбыз. Экономикамыз на­рықтық дамудан өзге заң­мен, олигархтардың өздері кесіп-пішіп алған заңымен жүріп келгені, бұл дамуға ке­дергі бол­ғаны Мемлекет бас­шы­­сы­ның осыған дейінгі Жол­дауларында да айтылған. Бүгін Президент пәрме­ні­нің қалай орындалып жат­қа­нына назар аударғымыз келеді. Тәуелсіз сарапшылар Мемлекет басшы­сы­ның халыққа Жол­дау­ла­рының жү­зеге асырылуын қада­ға­лайтын құзыр­лы орындар болуы керек деген пікірді жиі айтады. Бұрын бұл міндет Президент Әкімшілігінің құ­зыретінде еді. Олар ми­нистрлердің орынбасарларымен тікелей байланысқа шы­ғып, істің барысын қада­ғалап отыруға құ­зыретті еді.

Нарық заңы масылдықты көтермейді. Біз мұндай көз­қарастың жерсініп кетке­нін, тіпті мұның мемлекеттік дең­гейде қалыптасып қал­ғанын көріп-біліп отырмыз. Мемлекеттік саясат 30 жыл бойы бизнеске түрлі жеңіл­дік­ арқылы жағдай жаса­ды, мемлекет құраушы ком­паниялар деген желеумен екін­ші деңгейлі банктерге, ірі компанияларға демеу қаржы бөлінді. Тіпті түрлі деңгей­де­гі мораторий арқылы өз бе­тінше дамуға, нарық заңына бейімделуге мүмкіндік берілді. Мұндай шешімдер – бизнесте масыл­дық көзқарастың қа­лып­тасуына себепкер. Қазір табысын жасыру, мүмкіндік болса, «көлеңкеге кету» бизнес үшін қалыпты жағ­дайға айналды. Мұны ха­лықаралық қаржы институттары да жиі ескертіп жүр. Салық заңын халықаралық талаптармен үйлестіру туралы мәселе мемлекеттік деңгейде көтерілгелі бері әр­түрлі топтың қар­сылығы әр-әр жерден есті­ліп жатыр.

Бизнеске салық мәде­ние­тіне мойынсұнатын, өзінің әлеу­меттік жауап­кершілігін сезіне­тін кез келді. Ендігі жерде әлеу­меттік нысандардың, жа­тақ­­ханалардың жобасына биз­несті жұмылдыру керек. Олар бар тапқанын бауырына басып емес, жан-жағымен бөлісіп отыруды үйрену керек.

Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін агрофир­ма­лардың көмегі арқылы шешуге болады деген ұсынысты жиі айтады. Бізде агрофирма дегенде, меншігінде 4-5 мың малы, 500 гектар жайы­лымы бар ірілендірілген шаруа­шы­лықтарға назар аударылады. Бүгінге дейін саясат солардың жағдайын көте­руге бағытталып келді. Бірақ олардың азық-түлікпен қам­та­масыз ету тәрізді күрделі міндетті орындай алмағанын көріп отырмыз. Қазақ­стан­дағы ірі малдың 90 пайызы жекенің қорасында байлаулы тұр. Жайылымдық жерлердің аздығынан ауылдағы аға­йын малын қорада байлап бағуға мәжбүр болғаны ай­ты­­лып та, жазылып та тұр. Ал жекеменшіктегі немесе игерілмей жатқан жерлер анық­­талды, мемлекет мен­ші­гіне қайтарылды деген Үкі­­мет тарапынан жиі ай­ты­­лады. Бірақ қайтарылған жер­дің кімге берілетіні туралы мәселе көтерілген емес. Ендеше, аудан, ауыл әкім­дік­тері арқылы мемлекетке қай­та­рылған жер көлемін нақ­ты­лап, оны мал өсіруге немесе егін егуге ниеттеніп отырған ауылдастарға ұзақ жылға жалға беру мәселесін қайта көтеру керек.

Мемлекет басшысы ке­шегі сұхбатта азамат­та­ры­мыздың қарызға белше­ден батқанына қатты алаң­дайтынын айтты. Бұл мәселе біздің қоғам үшін Ахи­лестің өкшесімен бірдей болып тұр. 2019 жылы Президент ретінде қол қой­ған алғашқы құжаттың бірі – қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық бойынша 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. 2023 жылы жеке тұлғалардың банк­роттығы туралы заң кү­шіне енді. ЕДБ өкілдері халықтың қарызға батуынан ешқандай қауіп төн­бей­тінін жиі айтады. Ал біз әлемде бірде-бір мемлекет жоғарғы пайызы арқылы өз халқын тонауына жол берген емес дегенді айтар едік. Банктер жағдайының қандай екенін жылдың алғашқы жарты­сындағы табысы көрсетіп тұр.

Жақында Ұлттық банк төра­ғасы Тимур Сүлейменов 56 пайыздық несие қандай көр­сет­кіштерге сүйеніп заң­дас­тырылғанын ашып айтты. Қазір ҰБ немесе ҚНДРА тарапынан оны 40 пайызға дейін төмендету туралы ұсы­ныстар тек талқылану дең­­ге­йінде ғана. Егер ЕДБ құ­рыл­тайшыларының ғана емес, ірі-ірі компаниялардың құрыл­тай­шы­ларының жауап­кершілігі туралы мәселені нақтыласақ, банк несиесі па­йызын төмен­де­ту­ге де, биз­нес арқылы нарық за­ңын қалыптастыруға да мүм­кін­дік туады.

Қорыта айтсақ, Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2019 жылдан бергі Жолдаулары мен сұх­баттарынан бір-бірі­мен сабақтасып жатқан әлеу­мет­тік-экономикалық, саяси рефор­ма­лар­дың желісін көреміз.

Президент пәрменінің ай­­тылған жерде қалмауы Үкіметтегі тұлғалардың білік­тілігіне байланысты. Демек «іс тетігін маман шешеді» деген байырғы қағидат қазір де өзектілігін жойған жоқ. Бізде барлық салада қырағылық қажет.

Атамұрат Шәменов,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Барлық салада қырағылық қажет · Egemen Qazaqstan