Пікір
2 мин оқу 200

Жұмыс жүйелі жүргізілуі керек

<p style="text-align: justify;">Халықаралық сарапшылар еліміздің экономикасына, макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты түрлі болжам айтып жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетіне берген сұхбатында &laquo;Шын мәнінде, мен үшін макроэкономикалық көрсеткіштер соншалықты маңызды емес, азаматтардың тұрмыс сапасының іс жүзінде жақсаруы одан әлдеқайда маңыздырақ&raquo; деп нақты ұстанымын жеткізді.</p>

Жұмыс жүйелі жүргізілуі керек

Экономикамыз қалыпты даму үшін жүзеге асырылып жат­қан жо­ба­лардың нәти­­же­лі­лігі мен тиім­ді­лігі маңызды. Сұхбатта Президент эко­номикамызды ілгер­іле­ту жолында бірнеше бағытты айқындады.

Біріншіден, ауқымды өнер­кәсіп жобаларын жүзеге асыру. Бұл бағытта жүйелі жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Енді жоба­лар­ға талдау жасалып, олар ин­вес­торлар, сарапшылар және бизнес өкілдерінің қатысуымен пы­сықталады. Мемлекет қолдау көрсетеді.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорын­да­рын отандық шикізатпен қам­тамасыз ету туралы заң нор­масын жақында Парламент Мәжілісі мақұлдады. Заңсыз шығарылған активтер елге қайтарылып жатыр. Бұл да әлеуметтік-эко­номикалық жағдайымызды жақ­сар­туға оң әсерін тигізіп келеді. Бұған қатысты Парламент тиісті заң қа­былдады. Экономикамызда басты міндеттің бірі – инвестиция тарту. Осыған байланысты Инвестициялық штаб құрылып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін ауқымды өкілеттілік берілді.

Екіншіден, Президент инвес­тор­лар­ға қолайлы жағдай жасаумен қатар, бюджет кірісінің аза­­йып кетпеуіне ерекше мән беріп отыр. Бұған Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан Бюджет кодексі­нің алатын орны ерекше. Бұл орайда депутаттар бюджет қара­жа­ты­ның мақсатына сай жұм­­сал­уын, тиім­ді­лі­гін қам­та­масыз етуге, квази­­мем­лекеттік сектор субъек­ті­лерінің тиім­­ділігін арт­ты­руға, диви­денд­тер­ді то­лық төлеуге бағыт­тал­ған ұсы­ныс­тар енгізді.

Бұл тұрғыда Парламент Мәжі­лі­сінде жан-жақты талқыланып жатқан Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы да үлкен рөл атқарады. Мем­лекеттік сатып алуға қоғамдық ба­қылау орнатудың да қажеттілігі зор.

Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл құжат мемлекет пен биз­нестің қарым қатынасын қайта қарауға мүмкіндік бермек. Кәсіп­­кер­лік пен бәсекелестікті дамыту, жекеменшікті қорғау өте маңызды. Бұл бағытта Президент тапсырмасына сәйкес нақ­ты жұмыстар атқарылып келеді. Атап айта­­тын болсақ, жақында Пар­ламент Мәжілісі кәсіпкерлік қыз­мет­ті жақсартуға, кедергілерді алып тастауға, мемлекеттік бақылау мен тексеру жүйесін реттеуге байланыс­ты бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Экономикамыз дамыса, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Бюд­жетке түсетін кіріс ұлғаяды. Бұл бағытта жұмыс жүйелі болуы қажет.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Жұмыс жүйелі жүргізілуі керек · Egemen Qazaqstan