Пікір
1 мин оқу 110

Өзекті әрі маңызды бастама

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жас&shy;тар кадрлық резервін құру арқылы дарынды жастарды басшылық қызметке тарту туралы бастамасы өте өзекті және маңызды деп білемін.</p>

Өзекті әрі маңызды бастама

Біріншіден, бүгінде мем­лекеттік аппаратқа жас әрі талант­ты менеджерлер қажет болса, екінші жағынан, Президенттік жастар кадрлық резерві жастар­ға мемлекеттік қызметте өзін көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Көріп отырғанымыздай, көптеген жас резервші қазірдің өзінде түрлі салада жоғары қызметтерде жұмыс істеп жүр.

Жалпы, бұл бастама халық­аралық озық тәжірибеге сәйкес келеді. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеу процедураларының ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Өз тарапымнан бұл бастаманың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі Астана хабы агенттікке резервке іріктеу жүргізуде тұ­рақты түрде сараптамалық және техникалық қолдау көрсетіп отыр­ғанын атап өткім келеді. Жас резервшілер еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін.

Мақсұт ӨТЕШЕВ,

Астана мемлекеттік қызмет хабының кеңесшісі

Бөлісу: