Таным
1 мин оқу 180

Жанған хаттан жазу оқыған

<p style="text-align: justify;">Пиза университетінің философы Грациано Раноккия бастаған пәнаралық ғалымдар тобы жасанды интеллект көмегімен ежелгі папирустағы мәтіннің мәнін ашты. Сарапшылардың дерегінше, онда ежелгі грек ойшылы Платонның жерленген орны турасында ақпарат берілген.</p>

Жанған хаттан жазу оқыған

Папирус ежелгі Геркула­нум қала­сы­нан табылған. Атал­ған Ежелгі Рим қаласы Помпейге өте жақын орна­ласқан. Біздің заманымыздың ­79 жы­лы болған Везувий жанар­та­уы­ның атқылауынан шаһарды толық өрт шалған. Ал папирустың күлі ғана арнайы құтыда сақталып қалған.

Ғалымдар ондағы мәтінді жасанды интеллект көмегімен оқыды. Олар күйген папирустарға жүздеген инфрақызыл сәуле түсіріп, проекция­сын қағазға бедерледі. Осы арқылы ғалымдар папирустың алдыңғы бетін ғана емес, артқы бетін да оқу­ға мүмкіндік алды. Зерттеу нәти­жесінде мәтіннен мың сөз анықталған екен. Бұл бүкіл мәтіннің шамамен 30 па­йызын құрайды.

Үзіндіде негізінен гадаралық фило­­соф Филодемнің академиясы туралы айтылады. Фрагментте бұ­рын белгісіз тағы бір ақпарат бар. Мыса­лы, онда Платонның біздің дәуі­рі­­мізге дейінгі IV ғасырда құрған акаде­миясы туралы мағлұмат бар. Сондай-ақ философтың Афинадағы, Му­сейон немесе «Музалар храмы»­ маңындағы академияның арнайы ба­ғында жерленгені хақында жазылған.

Бұл жасанды интеллект көмегімен құпиясы ашылған алғашқы папирус емес. Бұған дейін бір топ бағдарламашы студенттер – гер­маниялық Юсиф Надир, аме­рикалық Люк Фарритор және швейцариялық Джу­лиан Шиллингер күйген папирустан 2000 белгіні анықтай алды.

Бөлісу: