Айтыс
1 мин оқу 251

Қаныш тұлғасы – айтыс арқауы

<p style="text-align: justify;">Ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туға&shy;нына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар одан әрі жалғасын тауып жатыр. Соның бірі &ndash; 18&ndash;19 мамыр күндері Сәтбаев қаласында &laquo;Қаныштың қазыналы әлемі&raquo; тақырыбымен &shy;&shy;өткен республикалық айтыс.</p>

Қаныш тұлғасы – айтыс арқауы

Айтысқа қатысушылар ең әуелі қала орталығындағы Қ.Сәт­­баев ескерткішіне гүл шоқ­­­тарын қойды. Ш.Ділдебаев атын­дағы Кеншілер мәдениет сара­йы­ның төрінде 14 ақын бақ
сынасты.

Көркем ой, кестелі сөз ар­қылы ақын­дар Қаныш тұл­ғасын лайық­ты сомдай білді. Ұлы ғалым­ның елге деген шынайы перзенттік махаб­баты, ерлікке пара-пар өлшеусіз еңбегі жан-жақты жырланды.

«Қазақмыс» кор­­­­­по­­ра­­ция­сы­ның бәйгесі – же­ңіл автокөлік айтыс­кер Мейірбек Сұл­танханға бұйырды.

Ақындар Өміржан Көп­босын, Дидар Қамиев, Жансая Мусина, Серік Қуанған, Айым Асылбек алғашқы үштіктің шоғырын құрады.

Кезінде шахталарда шаң жұта жүріп, қолдарынан қаламын тастамаған кенші ақындар Кәкімбек Салықов пен Шынболат Ділдебаев атын­дағы арнайы сыйлықтардың тағайындалуы да жарасымды болды.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Қаныш тұлғасы – айтыс арқауы · Egemen Qazaqstan