Бурабайға қатынайтын пойыздарда жолаушылар саны артты
<p style="text-align: justify;">Биыл Бурабай курортына қатынайтын пойыздарда 125 мың жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен жылы тасымалданған жолаушылар саны 86,2 мыңнан асты. Үш жыл бұрын (2020 жылы) небәрі 10 мың жолаушы тасымалданғанын айта кету керек.
Биыл Ұлттық тасымалдаушы «Астана - Бурабай курорты» бағыты бойынша электр пойызының жүру уақытын қысқартты. Енді жолаушылар алдыңғы 4 сағаттың орнына жолға тек 2,5 сағат жұмсайды.
Электр пойызы аптасына 5 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.
Одан бөлек күн сайын Бурабай бағытына қарай №6829/6830 «Астана - Көкшетау» электр пойызы да қатынайды.
№6829/6830 «Астана - Көкшетау», Nº7553/7556 «Қарағанды - Астана - Бурабай курорты», №6811/6812 «Қарағанды - Астана - Бурабай курорты» электр пойыздары Астана-1 станциясы вокзалынан, Nº7507/7508 «Астана - Көкшетау» электр пойызы Нұрлы Жол вокзалынан қатынайтын болады.
Билеттер құны - 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығында.
Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту бойынша кеңес өткізген еді. Президент Бурабай курорты аумағында орналасқан жаңа туристік аймақтарды дамытуды тапсырды.
Алтынай АБДЫШ
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
