Театр
1 мин оқу 100

Сәттілік тілейміз!

<p style="text-align: justify;">Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының &laquo;Бірлік&raquo; ансамблі Түркияда өтіп жатқан Алтынқарагөз атындағы 36-Дүниежүзілік халық би байқауына қатысып жатыр.</p>

Сәттілік тілейміз!

Мәдениет және ақпарат министр­лігі баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжым­дары қатысады.

«Бірлік» ансамблі байқауда «Қам­шыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ ансамбльдің көр­кемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композиция­сын орындайды.

«Бірлік» ән-би ансамблі – еліміздің мәдени байлығын көрсете­тін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым. Ансамбль өнер әлемінде өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылық­­тар­­ды насихаттай отырып, қазіргі қо­ғам­дағы аталған құндылықтар­дың ­ма­ңы­зын мәдениет пен өнер ар­қылы көпшілікке жеткізуді мақсат етеді.

Бөлісу:
Сәттілік тілейміз! · Egemen Qazaqstan