Мирас
2 мин оқу 105

Тарихи мұраға заманауи көзқарас

<p style="text-align: justify;">Көне тарихымыздың көмбесіндей болған құнды жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтау маңызды міндет. Бірегей мұралар бүлінбей, келешекке қаз-қалпында жету үшін кәсіби мамандардың күтімі қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мемлекеттік орталық музейде &laquo;Ашық қалпына келтіру орталығы&raquo; есік ашып, &laquo;Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары&raquo; деген атаумен дөңгелек үстел өтті.</p>

Тарихи мұраға заманауи көзқарас

Іс-шараны салтанатты түрде ашқан  Мемлекеттік орталық музей директоры Рашида Харипова «Ашық қалпына кел­­тіру орталығын» құрудағы бас­ты мақсат – тарихи мұра­лар­ды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қал­пы­на келтіруші мамандар  тап­шы­лығына байланысты бо­ла­шақ реставраторлар легін қалып­тастыру екенін атады. Му­зей басшысы орталықта ше­бер­лік сабақтарын өткізу ар­қылы осы мамандыққа жас­тар­дың қызығушылығын оятып, кө­рермендер арасында музей жұ­мысына деген оң көз­қа­рас қа­лыптастыру қажет деп есептейді.

Жалпы, орталық музей қоры ХІХ ғасырдың 30-жылдары­нан қалыптаса бастаған. 200 жыл­ға жуық тарихы бар тағылым ордасында реставрациялық жұмыс 1978 жылдан бас­тап жүргізіледі. Ал «Ашық қал­пына келтіру орталығы» сала бойынша білім алаңын ұйымдастырып, реставратор мамандар, тарихшылар мен өнер сүйер қауым арасында іскерлік қарым-қатынас орнатуға сеп болмақ. Мұндай орталықтар­ды қоғамдық өмірге енгізу мә­дени нысандар мен музей қор­ларындағы музейлік заттарды сақтаудың маңыздылығын көрермендер арасында жан-жақты насихаттауға ықпалын тигі­зетіні де анық.

ыва

Көне жәдігерлерді сақтау­дың заманауи мүмкіндіктері мен ­тың тәсілдері сараланған басқо­су­да тақырыпқа орай бірнеше баяндама көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, ЮНЕСКО және Еуроодақтың «Жібек жолы» жобасының үй­лес­тіру­шісі Маджер Маса­нов «Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО жобалары аясында жү­­зеге асырылған қалпына кел­тіру жұмыстары», Қазақстан қолөнершілер одағының төр­ағасы, материалдық емес мә­де­ни мұра жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі әрі сарап­шысы Айжан Бекқұлова  мен «Қырым аралы» ғылыми-қал­пына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оюлы есігінің қайта жаңғыруы: консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында баяндама жасады.

Мамандар музей қорын­да­ғы бұйымдарды күтіп-бап­тау­дың ғылыми тәсілдеріне тоқ­­талса, Орталық музей қыз­мет­­керлері бұл бағыттағы өз тә­жі­рибелерімен бөлісіп, ше­бер­лік дәрісін өткізді. Керами­ка­лық  бұйымдарды, кілем мен то­қыма өнімдерін, киім және мата бұйымдарын, метал­дан жа­сал­ған жәдігерлерді, бей­не­леу өнері туындыла­рын қал­пы­на кел­тірудің бірегей әді­сі­мен бө­ліскен А.Құрақбаева, Д.Иб­раева, Г.Мекебаева, О.Пе­рова, Б.Шай­кенова, Ш.За­ман­бе­­кова қа­тарлы музей маманда­ры кә­сіби шеберліктерін паш етті.

Реставрация орталығының ашылуы ғылыми ортадан бө­лек, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен еліміздің тарихи-мәдени мұрасына қызығатын қарапайым көрермен үшін де таптырмас олжа. Таныс­ты­ры­лым аясында бірегей экспо­нат­тар – белгілі зерттеуші, өнер­тану ғылымдарының докторы, Орталық Азия мен Қазақстан­ның сәулет өнерін зерттеуші ға­лым Лия Маньковскаяның Қожа Ахмет Ясауи кешенін қалпына келтіру жұмыстарына даярла­ған сызбалары, Қазақстанның ­еңбек сіңірген суретшісі Молдах­мет Кенбаевтың (1925-1993) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігі­нің қарындашпен салған сызбасы ұсынылды.

Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер кол­леджі­нің студенттеріне металл және керамика бұйымдарын қал­пына келтіру бойынша ше­берлік сабақтары өткізілді.

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Тарихи мұраға заманауи көзқарас · Egemen Qazaqstan