Туризм
1 мин оқу 240

Қазақстан тұрғындары биыл жазда қай елге көп барған

<p style="text-align: justify;">Қазақстан азаматтары Түркияға сапар саны бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан тұрғындары биыл жазда қай елге көп барған

DATA HUB деректеріне сүйенсек, жазда Түркия жағажайларында демалу бағасы айтарлықтай өсті. Маусымның қорытындысы бойынша олар жылдық мәнде – 28,5 пайызға, шілдеде – 35,5 пайызға, тамызда – 39,3 пайызға көтерілді. Мұндай қымбатшылық Қазақстан азаматтарын тоқтатпаған.

Жуырда Түркияның мәдениет және туризм министрлігі елге келген шетелдіктер туралы жаңа статистика жариялады. Маусым-тамыз аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары Түркияға 440,4 мың рет кірген.

Қазіргі нәтиже былтырғыдан тек 7 пайызға көп емес, сонымен қатар 2014 жылдан бергі жаз айлары үшін ең жоғары нәтиже болды.

- Бұл – елге кіру статистикасы. Сондықтан қазақстандықтар Түркияда қанша уақыт болғаны және не үшін барғаны белгісіз. Бірақ 2022 және 2023 жылдардағы мәліметтер негізінде ең танымал бағыт Анталия екенін болжай аламыз, – деп жазылған мәліметте.

Бөлісу:
Қазақстан тұрғындары биыл жазда қай елге көп барған · Egemen Qazaqstan