Пікір
1 мин оқу 63

Ел күткен ерен оқиға

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында Орта Азияда теңдесі жоқ көпір құрылысы аяқталып, халық игілігіне салтанатты түрде тапсырылғанына ел болып қуанып жатырмыз.</p>

Ел күткен ерен оқиға

Ертеректе, бала кезімізде әкелеріміздің «жаз жайлау­да Балықшыдан Өскемен, Семейге жол тартқанда (ба­лық жеткізу) Ертіс өзені­­нен салмен өтетін едік. Жел соқ­са, сал өзенді кесіп өтуге жарамай, тұралап қалатынбыз. Қарлы, боранды қыста жанымызды шүберекке түйіп, ат шанамен мұз үстінен өте­тін едік» дегенін талай естіп өстік. Арғы жаға мен бергі жағаның арасы 6 шақырым болатын өткелге паром түсіп, көліктерді тасымалдап жүргенінің өзіне 50 жылдан астам уақыт өтіпті. Паромға үлгермей, сыймай қалатын сәттердегі сарыла күтудің өзі бір төбе әңгіме-естелік.

Қыстың боранды, көк­темнің жылымық күн­дерінде мұз жарылып, үстімен өтіп бара жатып, қызыл су жиналған жердің жұқалтаң жерінде суға кеткен қаншама жерлестері­міз, көлік құралдары болды. Алматыдан ауылымызға келгенде таяқ тас­там жердегі үйімізге жете алмай, ат шанаға жармасып, жаяу Ертістен өткен кездеріміз жадымызда.

Осы ғасыр құрылысы­ның басы-қасында жүріп, бөлінген қаражатты шашау шығармай, ерен еңбек сіңірген барлық азаматқа алғысымыз шексіз. Әсіресе, елдің тілек-арманын естіп, осынау игілікті іске ұйытқы болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризалығымызды жеткіземіз.

Асхат Сәлиев,

инженер-құрылысшы

 

Астана

Бөлісу:
Ел күткен ерен оқиға · Egemen Qazaqstan