Театр
2 мин оқу 360

Сәкен театрының Сербиядағы олжасы

<p style="text-align: justify;">Қазан айында Сербияның Крагуевац қаласында &laquo;Joakimfest&raquo; XIX халықаралық театр фестивалі өткен еді. Фестивальға елімізден шақырылған С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық Қазақ драма театры &laquo;Үздік актерлік ансамбль&raquo; арнайы сыйлығын олжалап келді.</p>

Сәкен театрының Сербиядағы олжасы

Сәкен театры сербтерге әйгілі жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Атаукере» драмасын алып барды. Мұны сахналаған режиссер – Айдын Салбан.

Joakimfest XIX халық­аралық фестивальдың қа­зылар алқасы театр әртіс­те­рінің шеберлігіне тамсанып, оны жоғары бағалап, «Үздік ак­терлік ансамбль» деген сый­лықпен марапаттады.

Жан-жақтан келген театр­лардың өнеріне театр сыншысы, театртанушы, драматург Александр Ми­ло­савлевич (Сербия), театр режиссері және Белградтағы Өнер институтының драма өнері факультетінің оқы­тушысы Ивана Вуич (Сербия), актер және театртанушы Миролюб Миятович (Босния, Герцоговина) секілді өнер майталмандары баға берді.

– Басында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің терең философиялық ой­ға құ­рылған «Атаукере» шығармасы бойынша инс­ценировкасын режиссер Айдын Салбанның өзі жа­саған қойылымымызды сербтер қалай түсінер екен деген қобалжудың болғаны рас. Дегенмен, сахнаның жоғарғы жақ маңдайында серб тіліне аударылған титр қатар бері­ліп отырғанда, залда шы­бынның ызыңы естілердей тыныштық орнады. Екі сағат 10 минутқа жалғасқан спектакль аяқталғанша, ешкім орнынан қозғалған жоқ. Қойылым біткенде көрермендердің көңіл күйі олардың дүркіретіп қол соқ­қандарынан айқын аңға­рылды. Ұлттық музыкамыз, әсіресе домбыраның қоңыр үні мен әртістеріміздің ойы­ны қатты ұнағанын айтты сербиялық көрермендер, – дейді театрдың баспасөз қыз­меткері Сағат Батырханқызы.

Білуімізше, бұл театр фес­тивалінің Сербияда беделі зор. Оның негізі сонау XIX ғасырдың екінші ширегінде қаланған. Сербияға театр әкелген Йоаким Вуйч­тың атымен аталған. Фести­валь бастау алғалы бері Кра­гуевац қаласына әлемнің 25 мем­лекетінен театр ұжымдары келіп, 150-ге жуық қойылым қойыпты.

Қарағанды облысы

Бөлісу: