Елорда
1 мин оқу 260

Елорданың 24 мектебінде оқушылар ұялы телефоннан бас тартты

<p style="text-align: justify;">Елордада сабақ уақытында ұялы телефоннан бас тартқан мектептер саны 24-ке жеткен. Оқушылар телефондарын бірінші сабақтың алдында арнайы ұяшыққа салып қояды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;</p>

Елорданың 24 мектебінде оқушылар ұялы телефоннан бас тартты

Қалалық білім басқармасынан хабарланғандай, бірқатар мектептерде «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, №1, №4, №7, №8, №17, №18, №25, №28, №29, №32, №34, №43, №46, №48, №52, №58, №70, №73, №76, №77, №87, №93, №103, №108 мектептері, барлығы 24 білім ошағы.

Мамандардың айтуынша, бұл – оқушылардың ойлау қабілетіне және психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.

Осыған дейін Астанада Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартқанын жазғанбыз. 

Айта кетсек, Мемлекет басшысы оқушылардың сабақ кезінде телефон ұстауына тыйым салатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын.

Бөлісу:
Елорданың 24 мектебінде оқушылар ұялы телефоннан бас тартты · Egemen Qazaqstan