Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024

Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.

Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты

Фото: istockphoto.com

Аталған бастама осыдан екі жыл бұрын қолға алынған, ал ата-аналар мен оқушылар мектеп әкімшілігінің ұсынысын бірауыздан қолдаған.

Бастапқыда кейбір оқушылар қарсылық танытқанымен, қазіргі уақытта сабақ үстінде телефондарын өз еркімен тапсырады екен.

«Мектепте телефон ұстаудан біржола бас тартқан соң оқушылардың білімге құштарлығы артты, бос уақытында шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, достарымен сөйлеседі», делінген мектеп әкімшілігі таратқан хабарламада.