Шымкент
1 мин оқу 170

Шымкентте екі қабатты мейрамхана отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттің Әл-Фараби ауданында орналасқан екі қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Шымкентте екі қабатты мейрамхана отқа оранды

«Республика даңғылындағы екі қабатты мейрамханада болған өрт құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында сөндіріліп, жалынның таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Бөлісу:
Шымкентте екі қабатты мейрамхана отқа оранды · Egemen Qazaqstan