Таным
1 мин оқу 80

Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында дзюдодан жас&shy;өпірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті.</p>

Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер

Шымкенттік егіз қыздар Нұрсезім Тұрлыбек пен Гүлсезім Тұрлыбек жарыс көркін қыздырды. Олар өз салмақтарында өте жақсы белдесіп, қарсылас шақ кел­тірген жоқ. Нәтижесінде, Нұрсезім 63 килода, ал Гүлсезім 70 килода топ жарып, бір үйдің қыздары бір күнде жеңіс тұғы­рынан көрінді.

Темір ит

пр

Қытайлар алты аяқты робот ит жасап шығарды. Бұл да иесіне адал, қызмет қылады, айтқанын екі етпейді.

Бұның кәдімгі үй жануарынан айырмашылығы, темір ит жылдам қоз­ғалып, ауыр жүктерді көтере алады. Құлтемір мұзда тайғанамас үшін арнайы аяқ киіммен, жылу ұстап тұратын құрылғымен жабдықталған. Сол себепті 40 градус суықта да үздіксіз 4 сағат жұмыс істеуге мүмкіндігі жетеді.

Әуе таксиі

пр

АҚШ-та күні кеше ұшатын қо­ғамдық көлік таныстырылды. «eVTOL» нұсқасындағы әуе көлігінің салмағы 3 тонна.

Ұшатын такси әзірге жерден бас­қарылады. Ал келешекте арнайы ма­манның бақылауында болады. Төрт жолаушыға арналған. Бір бағытқа ұшу құны 100 доллар. Компания өкілдерінің айтуына қарағанда, бұл сома кейін сұраныстың артуына қарай арзандауы мүмкін. 

Бөлісу:
Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер · Egemen Qazaqstan