Таным
1 мин оқу 73
Ғалам ғажаптары: «Марк Твеннің» мәнісі
<p style="text-align: justify;">Біз «Марк Твен» деп жүрген амери­калық жазушының шын есімі – Семуель Клеменс.</p>

Жас кезінде болашақ жазушы Миссисипи өзеніндегі кемеде жұмыс істеген. Қызметі – су деңгейін өлшеуші. Қалай өлшейді? Теңізші әр екі метр сайын түйіншектелген ұзын арқанды суға лақтырып көреді. Сосын қауіпсіз тереңдік екеніне көзі жеткен соң «mark twain» деп айқайлайды екен. Яғни «mark» – белгі, «twain» – екінші деген мағына. Бұл Семуель Клеменстің өмірін тамаша сипаттайтын әрі өзі жиі айтатын тіркес еді. Сондықтан ол лақап ат ретінде «Марк Твен» есімін таңдады.
Бөлісу:
