Таным
1 мин оқу 60

Ғалам ғажаптары: Картинадағы құпия

<p style="text-align: justify;">Әйгілі суретші Пабло Пикассоның 1901 жылы салынған картинасынан жұмбақ әйелдің бейнесі анықталды.</p>

Ғалам ғажаптары: Картинадағы құпия

Лондондағы Курто өнер институты ғалымдарының айтуынша, Пикассо бір бейнені екінші бір көрініспен жымдас­тырып, «Матеу Фернандес де Сотоның портреті» атты туындысына құпия сыр жасырған. «Біз көптен бері бұл кар­ти­наның астарында басқа бейне бар деп күдіктеніп жүргенбіз. Себебі кенептің бетінде көрінбейтін, бірақ сезілетін іздер мен текстуралар бар. Кейін біз рентгендік талдау арқылы оның әйел сұлбасы еке­нін анықтадық. Бұл жаңалық тек бір кар­­ти­наның сырын ашып қана қоймай, Пикас­соның шығармашылық әдісін қай­та зер­делеуге жол ашады», деді Курто гале­­­рея­сының орынбасары Барнаби Райт.

Бөлісу:
Ғалам ғажаптары: Картинадағы құпия · Egemen Qazaqstan