Тұлға
1 мин оқу 471

Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды.&nbsp;Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға &laquo;Қазақ газеттері&raquo; ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды

Жұлдыз Райымбекқызы 1967 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының Нығмет Нұрмақов атындағы ауылда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі.

1990 жылдан бері Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде журналист. Халықаралық Қазақстан-Заман газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. «Көтердім ақ желкенін жыр – кеменің» атты жыр жинағының авторы.

Бөлісу:
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды · Egemen Qazaqstan