Тұлға
2 мин оқу 110

Рухты оятқан тұлға

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған &laquo;Қазақ рухын оятқан тұлға&raquo; атты көрме мен дөңгелек үстел өтті.</p>

Рухты оятқан тұлға

Алқалы жиынға белгілі ғалымдар, мемле­кет және қоғам қайрат­керлері, ақынның туыстары, Қостанай облысының делегациясы мен Астана қаласындағы М.Дулатұлы атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Іс-шара тізгінін ұстаған Ұлт­тық музей директоры Берік Әбді­ғалиұлы Алаш арысының ұлт­қа сіңірген еңбегі туралы айта келе, 140 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтудің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов мерейлі датаның аясында Тобыл – Торғай өңірінде Алаш арысының елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мұрасын халық арасында насихаттауға бағытталған 140 іс-шара ұйымдастырылатынын жеткізді.

Жиын барысында сөз ал­ған әдебиетші, тарихшы ғалым­дар М.Дулатұлының қазақ тари­хын­дағы рөлін, оның Алаш қоз­ғалысына белсенді қаты­суын,­ ұлт тәуелсіздігі мен ұлттық са­на-сезімін дамытудағы еңбегін ке­ңінен талдады. Сондай-ақ оның тарихи көзқарастары мен сая­си күрестерінің қазақ халқы­ның болашақ тарихы үшін үлкен маңызға ие екенін айтты. «Ұлы дала өркениеті күйреп жатқан кезде ақын-жыршылар мемлекеттілігімізден айырылып, бодан болдық деп жүргенде, ұл­тымыздың рухани жаңғыруын жа­саған осы Алаш зиялылары еді. Міржақып сынды қайрат­кер­лер – қазақты сапалы ұлтқа айнал­дыр­ған тұлғалар. «Қазақ рухын оят­қан тұлға» дегеніміз – көр­кем сөз емес, бұл нақты факт», деді Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл.

Аталған іс-шара «Торғай Жан­гелдин музейлер кешені» КММ-­мен бірлесіп ұйымдастырылып ­отыр. Экспозицияда М.Дулатұлы­­ның отбасына байланысты жәдігер­лер жұртшылық назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Фото және ­ар­хив құжаттарымен қатар М.Дулат­ұлы мен әйелі Ғайнижамал­дың, балалары Әлібек пен Гүлнәр­дің жеке заттары, сондай-ақ отба­сында қолданған тұрмыстық зат­тар
бар.

Көрме Ұлттық музейдің 6-қа­батындағы көрме залында 27 сә­уірге дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Рухты оятқан тұлға · Egemen Qazaqstan