«Аrtsport» ауыл балаларына қолжетімсіз
<p style="text-align: justify;">Алқалы жиынның Әлеуметтік-экономикалық сек­ция­сы отырысында «Аrtsport» бағдарламасының қар­­жы­сын үнемдеу туралы ұсыныс айттым. Мәселен, Қара­ған­ды облысында бұл бағдарламаға бір жылда 4 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Облыс халқының 85 пайы­зы қала­да тұратынын ескерсек, «Аrtsport»-тың қызы­ғын қала балалары көріп жатыр. Ал қалаларда тегін үйір­ме-сек­ция­ларды мәдениет үйлері мен жасөспірімдер сарайы да ұсынады.</p>

Қарағандының өзінде 4 мәдениет үйі мен 3 жасөспірімдер сарайы бар. Бұларда жүзден аса секция жұмыс істейді. Ондағы үйірмелер сапалы, заманауи құралдармен жабдықталған, мамандары білікті. Олай болса қалалықтар үшін онсыз да жұмыс істеп тұрған үйірмелерді неге «Аrtsport»-тан алып тастамасқа?
Мәдениет үйі мен Оқушылар сарайында үйірмеге келген бір балаға 500 теңге (шамамен) қарастырылған, оқытушылардың жалақысы – 80-120 мың теңге аралығында. Ал «Аrtsport»-та бір балаға 28 мың теңге бөлінеді. Бір дегенде 200-400 балаға «Аrtsport» арқылы қызмет көрсететін жекеменшік орталықтар бар. Олар жылда әртүрлі орын жалдайды, мекенжайы ауысады, жабдығы мен оқытуын тексеріп жатқан құзырлы орган жоқ. Парадокс па?
«Аrtsport»-қа жұмсалып жатқан қаржының бір бөлігін мәдениет үйі мен жасөспірімдер сарайының жабдықтарын жаңартуға, оқытушылардың жалақысын көтеруге неге бөлмеске? Ән-күй, би үйірмелерін «Аrtsport»-тан алып, мемлекеттік мекемелерге беру керек. Бюджет қаржысын үнемдеу деген – осы.
«Аrtsport»-тың қаржысын бассейн, тағы басқа баламасы жоқ үйірмелерді ашуға жұмсаса екен. Әрі «Аrtsport»-қа қаржы қарастырылғанда ауыл мен қалаға бөлінетін қаржының тепе-теңдігін сақтау қажет. Мемлекет балаларды дамытуға қаржы бөліп жатыр. Алайда ол ауыл балаларына жеткен жоқ. Аймақтарда «Аrtsport»-қа жұмсалған қаржының 80 пайызы қалада қалады. Себебі мониторинг жасап жатқан ешкім жоқ.
Ләззат ҚОЖАХМЕТ,
«Қарағанды қаласындағы отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы
