Мамандыққа адалдық

<p style="text-align: justify;">Дәрігерлер науқастың аман&shy;дығы үшін өз өмірін жиі тәуекел&shy;ге ті&shy;геді. Аманда Хесс есімді дәрі&shy;гердің де әре&shy;кетін нағыз ерлік &shy;деуге болады.</p>

Мамандыққа адалдық

Акушер-гинеколог Аманда Хесс өзі толғатып жатқанда, көрші палатадағы әйелдің айқайын естіп, көмекке асығады. Сөйтсе, босанып жатқан әйелдің баласы кіндігіне оратылып қалыпты, ал кезекші дәрігер жанында болмаған. Аманда меди­циналық халатын киіп, сабырмен әйелді аман-есен босандырып, ана мен сәбиді құтқарып қалады. Содан кейін палатасына барып, 2 минуттан соң өзі де сәбиін дүниеге әкеледі.

Бөлісу:
Мамандыққа адалдық · Egemen Qazaqstan