Роботтар жекпе-жегі
<p style="text-align: justify;">Қытайлық «Unitree» компания­сы алдағы уақытта екі гуманоид робот­­­тың арасындағы алғаш­қы жекпе-жекті өткізетінін мәлім­деді. Кез­де­су­дің трансляциясы ша­ма­­мен бір айдан кейін онлайн көр­се­тіледі.</p>

Компания жариялаған жарнамалық бейнероликте роботтың адаммен, кейін екінші роботпен айқасқаны көрсетілген. Сарапшылар жекпе-жекке қатысуы мүмкін деп отырған модель – G1. Ол – «Unitree»-дің флагмандық өнімі, бойы 1,32 метр, қимылы шапшаң әрі нақты. Робот кунг-фу техникасын меңгеріп, тіпті сальто жасауды да үйренген. Бұл – қозғалысты нақты басқаруға арналған «LAFAN1» технологиясының арқасы. Рингтегі айқастың нақты уақыты мен ережелері әзірге белгісіз. Дегенмен бұл – роботтар әлемінде жаңа кезеңнің бастауы болмақ.
