Алтын аспаннан жауады

<p style="text-align: justify;">Әдетте үйде не мұражайда тұра&shy;тын жүзік, сырға, түрлі әшекейлер &ndash; жай ғана жер қойнауындағы кен емес. Бұлар &ndash; ға&shy;&shy;рыштағы екі нейтрон жұл&shy;ды&shy;зы&shy;ның соқтығысуынан пайда болған металл.</p>

Алтын аспаннан жауады

Алып жұлдыздардың жойылып кеткеннен кейінгі қалдығы нейтрон жұлдызы деп аталады. Ол кішкентай болса да, өте ауыр. Егер осындай екі нейтрон жұлдызы бір-біріне жақындап, соқтығысатын болса, аспанда нағыз жарылыс болады. Ғалымдар бұл құбылысты «кило-нова» деп атайды. Соқтығыс кезінде алтын, платина, уран, күміс сияқты бағалы ауыр металдар түзі­леді. Олардың бір бөлігі жұлдыздың ішінде қалып, қалғаны ғарышқа шашырап кете­ді. Ға­лым­дардың есебінше, бір соқты­ғыс­тан Жердің массасынан он есе көп алтын пайда болады.

Бөлісу:
Алтын аспаннан жауады · Egemen Qazaqstan