Ең бақытты қала

<p style="text-align: justify;">Лондондағы Өмір сапасы институты жариялаған жаңа рейтингте Дания астанасы Копенгаген әлемдегі ең бақытты қала деп танылды.</p>

Ең бақытты қала

Жалпы тізімге 200 қала енген. Олар алты негізгі өлшем бойынша бағаланып, ұпай жинаған. Нақтырақ айтсақ, жаһан шаһарларының әл-ауқаты, экологиялық жағдайы, экономикасы, цифрлық әлеуеті, тұрғындар денсаулығы, көлік жүйесі сарапқа салынған. Ал үздік бестікке кіргендер: Копенгаген (Дания), Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания) және Антверпен (Бельгия) қалалары.

Бөлісу:
Ең бақытты қала · Egemen Qazaqstan