Басылым
1 мин оқу 30

Сазгер сыры

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапханада әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың &laquo;Менің жалғыз жұлдызым&raquo; және түрік тілінде жарық көрген &laquo;Қош дерсің&raquo; атты жыр жинақтарының, сондай-ақ &laquo;Сағыныш-ғұмыр&raquo; атты партитуралар жинағының таныстырылымы өтті.</p>

Сазгер сыры

Ақынның қос жыр жинағына әр жылдарда жазған өлеңдері мен әндерінің мәтіндері топтас­тырылған. Ал «Сағыныш-ғұмыр» атты партитуралар жи­на­ғына сазгердің көпшілікке таны­мал туындыларының оркестрге арнал­ған партитуралары мен ноталары беріліп отыр. Кітап жалпы өнерсүйер қауымға, сондай-ақ кәсіби музыкалық оқу орындарына, ұжымдарға арналған. Таныстырылымға мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынға Жазушылар одағы­ Астана қаласындағы филиа­лының директоры Бауыржан Бабажанұлы модера­тор­лық етті. Президент кеңесшісі, академик Бауыржан Омарұлы кеш иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыс етті. Үш бірдей кітаптың лентасы қиылған жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинова, жазушы Әлібек Асқаров, ақындар Маралтай Райым­бекұлы, Әбубәкір Смайыл, Маржан Ершу, режиссер Гүлсина Мерғалиева, басқа да зиялы қауым өкілдері қатысып, Елена Мәжитқызының айтыскерлік, сазгерлік, ақындық қыры жайында лебіздер мен естеліктер айтылды.

Белгілі музыкатанушы Жанғали Жүз­бай Елена Әбдіхалықованың саз өнеріндегі ерекше жолы, оның әр жылда­ры жазған көпшілікке танымал туынды­ларының оркестр­ге арналған партитуралары мен ноталары беріліп отырған «Сағы­ныш-ғұмыр» атты жинағы жайында кеңірек айтып өтті.

Айта кетейік, бұл таныстырылым өнер иесінің жуырда елордада өткен «Сағыныш ғұмыр» атты мерейтойлық кешінің аясында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Сазгер сыры · Egemen Qazaqstan