«AR» линза
<p style="text-align: justify;">Ойлаңызшы, көшеде келе жатырсыз. Алдыңызда биік ғимарат. Кө­зілдірігіңізді шешпей-ақ сол ғима­ратқа қарадыңыз – көз алдыңызда әп-сәтте ақпараттар пайда болады: «Бұл – Орталық кі­тапхана. 3-қабатта – балалар бө­лімі. Қазір ашық. Ішінде 12 адам бар. Wi-Fi тегін». Кинодағыдай, иә? Бірақ енді бұл қиял емес.</p>

Қытай мен АҚШ физиктері бірігіп, фокусы автоматты түрде өзгеретін линзасы бар жаңа құрылғы жасап шығарды. Метақұрылғы адамның көру ауқымында әртүрлі қашықтықта тұрған нысандарды анық әрі бұлдыратпай көрсетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – бұрынғыдай үлкен, күрделі жабдықтар қажет емес. Көзілдірік немесе жеңіл құрылғы арқылы-ақ супермаркетке кірмей тұрып жеңілдіктерді, ғимараттың сыртына қарап қандай мекеме екенін, автобустың қайда баратынын білуге болады.
