Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 110

Куәлігі бар аю

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мүмкін емес, бірақ шындық&raquo; деп осындайда айтатын шығар, сірә. Аюдың мотоцикл айдағанының өзі қалыптан тыс құбылыс. Ал оның жүр&shy;гізуші куәлігіне ие болғаны тіп&shy;тен таңғаларлық жағдай.</p>

Куәлігі бар аю

Кеңес заманында жаттықтырылып, әлем елдерін аралаған бұл аю Германияның Штутгарт қаласында ерекше шеберлігімен дүйім жұртты тәнті еткен. Ол көшеде жол ережесін сақтап, мотоциклмен арлы-берлі жүйткіген. Тіпті жануар бағдаршам қызыл жанғанда тоқтап отырған. Бұл өнерге таңдай қаққан неміс билігі әзіл-шыны аралас, бірақ ресми түрде оған жүргізуші куәлігін табыстаған. Мінекей, осы оқиға – жануарлардың да машық пен тәртіпке үйрене алатындығының айқын дәлелі.

Бөлісу:
Куәлігі бар аю · Egemen Qazaqstan