Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Өсімдіктер де сөйлейді
<p style="text-align: justify;">Израиль ғалымдары өсімдіктердің күйзеліске ұшыраған кезде дыбыс шығаратынын дәлелдеді.</p>

Зерттеушілер арнайы құрылғының көмегімен өсімдіктерден шығатын дыбысты жазып алған. Дыбыстар ультрадыбыс жиілігінде болады. Яғни адам құлағы ести алмайтын деңгейде. Ғалымдар өсімдіктер 20-250 килогерц аралығында дыбыс шығаратынын анықтаған. Ал адам тек шамамен 16 килогерцке дейінгі дыбысты ести алады. Зерттеушілердің айтуынша, өсімдіктер дыбысты сусыз қалған кезде, жарақат алғанда немесе бұтағы сынғанда шығарады.
Бөлісу:
