Шұбар ауылына табиғи газ тартылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Шұбар ауылында табиғи газбен жабдықтау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұзындығы 74,2 шақырымды құрайтын газ құбыры жобасын Целиноград ауданының құрылыс бөлімі жүзеге асырды. Нәтижесінде, Шұбар ауылындағы 400-ден астам тұрғын үй табиғи газға қосылды.
2024-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның елордалық өндірістік филиалы бірқатар елді мекендерде газ құбырларын салу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, 2025 жылғы ақпанда Целиноград ауданының Нұрлы ауылында да тұрғындар табиғи газға қол жеткізді. 2020-2024 жылдар аралығында Ақмола облысында 657 шақырым газ құбыры салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 9 656 үй газбен қамтылды. Соңғы ірі жобалардың қатарында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылын газдандыру және «Сарыарқа» магистральды газ құбырының бірінші кезеңі аясында 17 елді мекенді қамту жұмыстары бар.
Ақмола облысы
