Таным
2 мин оқу 210

Қаламгердің көзілдірігі

<p style="text-align: justify;">Көзілдіріктің қай уақытта пайда болғаны жөнінде нақты ақпарат осы күнге дейін белгісіз. Тарихшылар ежелгі көзілдіріктерді ХІІІ ғасырдың аяғында Италияда өмір сүрген Сальвино Д&rsquo;Армата ойлап тапқан деп болжайды.</p>

Қаламгердің көзілдірігі

Көзілдіріктің күн­нен қорғауға, оқуға, ұсақ нәрсені ұлғайтып көруге арналған түр­ле­рі бар. Еуропа елде­рінде көзілдірік ХІV ға­сырдың басында кеңі­нен тарала бастады. Ол кезде ауқаттылар көзіл­дірікті қажеттілік үшін емес, өздерінің мәрте­бесін көтеру мақ­са­тында қолданған. Ал алғашқы күннен қор­ғай­тын көзілдірікті Қиыр Солтүстік пен Азия­ның, сонымен қа­тар Американың ежел­гі тұрғындары ойлап тауыпты. Олар оны жа­нуарлардың сүйегінен жасаған екен. Ал Қы­тай жерінде ежелде күңгірт көзілдірікті Қытайда сот үкімін оқи­тындар киіпті. Бұл жаза алушылар мен куәгерлер сот үкі­мін оқитындардың көзі­нен олардың ішкі жан-дүниесін танып қоймау үшін қажет болған деседі.

Әлеуметтік желіде күннен қор­ғайтын көзіл­дірікті алғаш жасаушылар – эскимос­тар деген де дерек кез­деседі. Олар қардан шағылысқан полярлық күннің көзге әсерін қандай да бір жолмен азайту үшін көз алдында саңылаулары бар сүйек тақталарын киетін болған.

Алматыдағы сөз зергері Ғ.Мүсірепов­тің музей-үйінің қорын­да жазушының өзі пай­даланған бұйым­дары, кітаптары, қол­­жаз­балары, қойын кі­тапшалары, кө­зіл­діріктері, т.б. сақтау­лы. Әр зат өзіндік ерек­­шелігімен қы­зық­­ты­рады. Сондай жәдігердің бірі – жа­зушының кө­зілдірігі. Материалы – шыны, пластик, металл. Кө­зіл­дірік бірыңғай қоңыр түсті пластик мате­риа­лынан жаса­лып, жақ­тауы мен құ­лақ­қа ілетін тұсы темір шү­ріптермен бекі­тіл­ген. Көзілдіріктің ерек­шелігі сол жақ құ­л­аққа ілетін тұсына «Электроника» АС-В. 3849007» есту аппараты орнатылған. Қосу, ажырату тетігі бар. 80-жылдары арнайы тапсырыспен зауытта жасалған. Жазушы өмірінің соңғы жылдарында пайдаланған. Музей қорына 2021 жылы жазушының қызы Гүлнәр Ғабит­қызы Мүсірепова тарту еткен. Бұл күнде кө­­зіл­дірік Ғабең­нің жұмыс үсте­лі­не қойыл­ған.

Рашида ОТАР,

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкері

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Қаламгердің көзілдірігі · Egemen Qazaqstan