Digital
1 мин оқу 10

Керек дерек

<p style="text-align: justify;">Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифр&shy;&shy;лық құжат &laquo;eGov mobile&raquo; қосымшасында қолжетімді болды.</p>

Керек дерек

Құжатта мынадай деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қам­қор­шыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» тура­лы ақпарат бар. Құжаттың түп­нұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған. Оны сканер­леген кезде бір тәулік бойы жарам­ды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңар­ту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайда – мемлекеттік төлем­дерді алу, банкке, медици­на­лық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқа­сы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін: біріншіден, «eGov mobile» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифр­лық құжаттар» бөліміне өту, екін­шіден, «Отбасы» санатынан қам­қоршылық немесе қор­ған­­шылық туралы мәліметтер­мен танысу, үшінші, егер құжат көр­се­тілмесе – «құжаттарды жаңар­­ту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемле­кет­тік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпарат­тық технологиялар» АҚ,  Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министр­лігі және «Еңбек ресурс­та­рын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Азат ЕСЕН 

Бөлісу: