Нағыз әртіс
<p style="text-align: justify;">Атақты режиссер Константин Стани­с­лавский бірде шәкірттеріне тап­сырма беріпті. «Сендердің ақша­ла­рың сақтаулы тұрған «Император Банкі» өртеніп жатыр. Осы сәтте қандай күйде боласыңдар, соны этюд қылып көрсетіңдер», дейді.</p>

Содан студенттердің бірі ойбайлап, екіншісі өкіріп, үшіншісі шелекпен су тасып, тағы біреулері қолын қайғыра сермеп жатады. Тек Василий Качалов қана аяқтарын айқастырып қойып, жайбарақат отыра беріпті. Мұны көрген режиссер:
– Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың? – деп айқай салыпты.
– Қатысып отырмын, Константин Сергеевич.
– Онда неге банк өртеніп жатқанда алаңсыз отырсың?, дейді режиссер одан сайын қаһарланып. Сонда Качалов еш саспастан:
– Менің бұл банкте ешқандай да ақшам жоқ, – деген екен.
