Тұлға
2 мин оқу 250

86 жастағы журналист

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының абыз ақсақалы, ақын, &laquo;Құрмет&raquo; ор&shy;денінің иегері, Қазақстанның құр&shy;метті журналисі, Ұлытау ауда&shy;нының құр&shy;метті азаматы, Журналистер ода&shy;ғының мүшесі, бір&shy;неше кітаптың авторы Мағзұмбек Машайықұлының жур&shy;на&shy;лис&shy;ти&shy;кадағы еңбегі ерен.</p>

86 жастағы журналист

Мағзұмбек Машайықұлы әлі тұғырдан тайған жоқ. Жасы 86-ға келсе де, қолынан қаламын тастамай еңбек етіп жүр. Оның журналистика саласында қыз­­­мет істеп келе жатқанына 62 жыл.

«Әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрмін. Үкімет қыз­метімді елеген шығар, «жұмыс істей беріңіз» деп рұқсат берді. Өмірімнің басым бөлігін өткізген газет менің тәрбиешім болды. Халықтың арасында елдің тыныс-тіршілігін біліп, өзің де сабақ алып, содан есейеді екенсің. Журналист – өте құрметті мамандық. 40 жыл «Ұлытау өңірі» газетінде редактор, 14 жыл редактордың орынбасары болдым. Қазір кеңесші болып жұмыс істеймін әрі мақала жазып тұрамын. Газет­­­­тегі қызмет менің атағымды шы­ғаруға ықпал етті, көптеген ақын-жазушы – Мұхамеджан Қаратаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырзаәлі, Зейтін Ақышев, Ақселеу Сейдімбеков сияқты қаламгерлермен бірге жүрдім, дос, сырлас болдым. Мені Алма­­тыға алып кетеміз де­ген­дер­­­ден бас тарттым. Оларға өзімнің туған жерімде, өзімнің өсіп-өнген ортамда, қасиетті Ұлытауымның бауырында еңбек ете беремін дедім. Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» – мықты газет. Әлі күнге дейін мақала жіберіп тұрамын. «Социалистік Қазақ­стан» газеті болып тұрғанда да, мақала жазып тұрдым. Ел газеті көптеген азаматты тәрбие­леп шығарды. Халықтың мұң-мұқтажын жоқтады. Сон­дық­тан барлық қаламгерге шығар­ма­шы­лық табыс тілеймін», деп ақ батасын берді абыз ақсақал.

Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары қызметкерлерінің күні қарсаңында Жез­қазған қала­­сында Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков «Ūlar» сыйлығын табыстап, сол қатар­да Ұлытау облысы журна­лис­­­тикасын дамытуға қосқан үлесі үшін 1 млн теңге ақшалай сый­ақы­мен  Мағ­зұм­бек Машайықұлын марапаттады.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
86 жастағы журналист · Egemen Qazaqstan