Таным
1 мин оқу 130

Күй құдіреті

<p style="text-align: justify;">Әйгілі &laquo;Қыз Жібек&raquo; фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.</p>

Күй құдіреті

Сол кезде режиссер Сұлтан Қожықов пен ком­позитор Нұрғиса Тілендиев ақылдаса келе, алдын ала таспаға жазылған «Аққу» күйін қосып кеп жібереді. Күйдің әуені естілген сәтте-ақ, екі аққу бір-біріне баяу жақындап келіп, бастарын түйіс­тіріп, ырғала билей жөнеледі. Осылайша, түсі­рі­лім тәртібіне бағынғысы келмеген ерке құс, күй құ­діретіне елітіп, таспада тамаша кадр тудырыпты.

Бөлісу:
Күй құдіреті · Egemen Qazaqstan