Жарнама
 

Міне, жауапкершілік!

<p style="text-align: justify;">2016 жылы жапондық &laquo;Akagi Nyugyo&raquo; компаниясы өздерінің ең та&shy;ны&shy;&shy;мал бал&shy;мұздақ өнімдерінің бірі &ndash; &laquo;Garigari-kun&raquo; бағасын 60 иен&shy;нен 70 иен&shy;ге көтерді. Бұл баға 25 жыл бойы өзгер&shy;мей тұрған еді, бірақ инфля&shy;ция&shy;ның өсуі компанияны осын&shy;дай қа&shy;дам&shy;ға баруға мәжбүр етті.</p>

Міне, жауапкершілік!

Бағаның небәрі 10 иенге ғана өскеніне қара­мастан, компания ұлттық телеарнадан 1 минуттық арнайы жарнама ролигін шы­ғарды. Онда ұжымның бас директоры бас­таған бүкіл қызметкер штаб-пәтердің ал­дында тізіліп тұрып, үнсіз иіліп, жапон хал­қынан кешірім сұрайды. Бұл ролик шы­найылық пен жауапкершіліктің үлгісі ретінде қабылданып, елдің брендке деген сенімін арттырды.

Бөлісу:
Міне, жауапкершілік! · Egemen Qazaqstan