Туризм
1 мин оқу 60

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

<p style="text-align: justify;">Енді елордадан &laquo;Астана-1 - Бурабай курорты&raquo; бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызы қатынайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

Электр пойызы әр сәрсенбі жолға шығады. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биоәжетханалар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар, ыңғайлы орындықтар, велосипед қоятын орындар бар. Сондай-ақ Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісі орнатылған.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады.

Бөлісу:
Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды · Egemen Qazaqstan