Таным
1 мин оқу 61

«... Күлкі қымбат»

<p style="text-align: justify;">&laquo;Адам жылап туады, Жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, Өзгені де жылатып&raquo;, депті ақын Қадыр Мырза Әлі. Бірақ бұл сөздің Абайдың нағашысына қатысы жоқ.</p>

«... Күлкі қымбат»

Өйткені Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі боп кеткен. Бірде қатты сырқаттанып, үшкіртуге тағы молда шақыртпақ болған бала-немерелеріне сол Тонтай: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас» деп өз бетін өзі жауыпты. Қалың қазақ ортасының үнемі көңілін көтеріп, айналасын думан-тойға бөлеп жүретін Абайдың нағашысы осылайша бақиға да күліп аттаныпты.

Бөлісу:
«... Күлкі қымбат» · Egemen Qazaqstan