Тереңдегі тіршілік

<p style="text-align: justify;">Қытай ғалымдары жарық жетпей&shy;тін, адам аяғы тимеген Ты&shy;нық мұхитының 9500 метр терең&shy;дігіндегі тірі организмдерді тапты.</p>

Тереңдегі тіршілік

Бұл бұрынғы 8750 метрлік рекордты жаңартып, тіршіліктің қандай экстремалды жағдайда да сақталатынын дәлелдеп отыр. Ондағы тіршілік метан мен сутегі сульфидіне бай сұйықтықтардың көмегімен өмір сүреді, яғни күн сәулесін­сіз химиялық реакциялар арқылы тамақ­танады. Ғалымдар енді мұндай тіршіліктің ерекше қысым мен суыққа қалай төтеп беретінін, оның ғаламдық көміртегі айналымындағы рөлін зерттеуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Тереңдегі тіршілік · Egemen Qazaqstan