ЖОЛДАУ
1 мин оқу 390

Әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм&raquo; атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет азаматтық авиацияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады

Бүгінгі таңда еліміздегі әуе кемелерінің 104 паркі бар, оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар.

2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады, бұл 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады», деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

Елімізде көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.

Бөлісу:
Әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады · Egemen Qazaqstan