Шымкент
1 мин оқу 100

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Арман Сәбитұлы 1984 жылғы 20 сәуiрде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - қаржы және несие, құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында «Азаматаудит» ЖШС аудитордың ассистенті болып бастаған.

2008-2012 жылдары жеке секторда басшылық қызметтер атқарды.

2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.

2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2020-2023 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары. 2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan