Роботты оқытудың жаңа әдісі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Boston Dynamics&raquo; компаниясы &laquo;Toyota Research Institute&raquo; зерт&shy;теу&shy;&shy;шілерімен бірге роботтарды оқы&shy;тудың жаңа тәсілін таныс&shy;тырды. Бұрынғыдай қатаң бағдар&shy;ламаға байланбай, енді &laquo;Atlas&raquo; роботы адамды бақылап отырып-ақ күр&shy;делі тапсырмаларды үйрене алады.</p>

Роботты оқытудың жаңа әдісі

Бұл жаңашыл әдістің арқасында «Atlas» күтпеген жағдайларға бейімделіп, бүкіл денесін үйлестіре қимылдайды. Ол ауыр жүкті көтеруден бастап арқан байлауға дейін түрлі істерді атқарады. Жүйенің негізі  – 450 миллион параметрі бар диффузиялық трансформер. Ол камерадан түсетін бейне­ні және тілдік нұсқауларды талдап, оларды нақты әрі икемді әрекетке айналдырады.

Бөлісу:
Роботты оқытудың жаңа әдісі · Egemen Qazaqstan