Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Агродрон
<p style="text-align: justify;">Қазан қаласында «аспан тракторы» деп аталатын агродрон сынақтан өтіп, көпшілікті таңғалдырды. Кәдімгі доңға­лақты техникалар батпаққа батып жүре алмай жатқанда, бұл дрон жаңбырдан кейін де еркін ұшып, егістікті емін-еркін өңдей береді.</p>

150 килоға дейін салмақты көтеретін алып құрылғы сағатына 70 шақырымға дейін жүйткиді. Ал жұмыс режімінде
25–35 км/сағ жылдамдықпен ұшып, бір мезетте 20 метрден астам алқапты қамтиды. Небәрі бір ауысымда 600 гектар жерді өңдеу мүмкіндігі бар. Инженерлердің айтуынша, дрон дәстүрлі техникадан 8–10 есе өнімді. Сондай-ақ ол тыңайтқыш пен дәріні 15-20 пайызға дейін үнемдейді, ал ойлы-қырлы жерлерде шығынды 40 пайызға дейін азайтады.
Бөлісу:
