Тіс күтіміндегі жаңалық

<p style="text-align: justify;">&laquo;King&rsquo;s College London&raquo; ғалым&shy;дары тіс күтімінде үлкен жаңа&shy;лық ашты. Олар шаш, тері мен жүнде кездесетін кератин ақуызы тіс эмалін табиғи түрде қал&shy;пына келтіре алатынын дәлелдеді.</p>

Тіс күтіміндегі жаңалық

Бұған дейін эмальді қорғауға фтор қолданылып келсе, жаңа зерттеу кера­тиннің одан да тиімді екенін көрсетті. Бұл технологияны болашақта күнделікті тіс пастасының құрамына қосуға болады. Ал күрделі жағ­дайларда дәрігерлер оны арнайы гель түрінде қолданады. Зерттеушілер алғаш­қы өнімді қой жүні­нен алынған кера­тин арқылы жасап көрді. Бұл әдіс эко­ло­гияға да пайдалы, яғни қалдықты тиімді пай­да­лануға мүмкін­дік береді әрі фермерлер үшін қосымша ­табыс көзі болмақ. Кера­тин  тісті қорғап қана қоймай, табиғи эмальді қайта қалпына келтіреді.

Бөлісу:
Тіс күтіміндегі жаңалық · Egemen Qazaqstan