Жымию денсаулыққа пайдалы

<p style="text-align: justify;">Ғалымдардың зерттеуінше, әйелдер ер адамдарға қарағанда күніне екі есе көп жымияды екен. Орта есеппен әйелдер бір күнде 60&ndash;70 рет, ерлер небәрі 30&ndash;35 рет жадырайды.</p>

Жымию денсаулыққа пайдалы

Психологтер мұны биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктермен байланыс­тырады. Біріншіден, әйел ағзасындағы гормондар эмоцияны еркін білдіруге бейім етеді. Сондықтан олардың күлкісі мен жымиысы табиғи түрде жиі көрініс таба­ды. Екіншіден, қоғамдағы рөл де әсер етеді. Әдетте әйелдер отбасында да, қызметте де эмоционалдық байланыс орнатуға кө­бірек ұмтылады. Жымию – сенім тудыратын, қарым-қатынасты жеңілдететін әмбебап белгі. Қызығы, жымиюдың өзі адам денсаулығына да пайдалы екен. Жымиған кезде ағзада «қуаныш гормондары» саналатын эндорфин мен серотонин бөлінеді.

Бөлісу:
Жымию денсаулыққа пайдалы · Egemen Qazaqstan