ЖОЛДАУ
1 мин оқу 250

Транзиттік мүмкіндік арта түседі

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Жол&shy;дауда еліміздің көлік жүйе&shy;сі үшін стратегия&shy;лық маңы&shy;зы зор &laquo;Сексеуіл &ndash; Бейнеу&raquo; жобасын жүзеге асыру&shy;ды тапсырды. Аталған ма&shy;гис&shy;тралдың құрылысы Қы&shy;тайдан Еуропаға біздің елдің аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын шамамен үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.</p>

Транзиттік мүмкіндік арта түседі

Сонымен қатар Каспий теңі­зіне тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай қадам еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір нығайтып, теңіз порттары арқылы жүк айналымын ұлғайтады, ха­лық­аралық логистикалық тізбек­тердегі стратегиялық буын ретіндегі рөлімізді күшейтеді. Бұдан бөлек, жоба еліміздің батыс аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына ай­тар­лықтай серпін бермек. Атап айтқанда, жаңа жұмыс орын­дарының құрылуы, шағын және орта бизнестің өркендеуі, туризм саласының әлеуетін кеңейтуге жағдай жасайды.

Жалпы, республика бойынша 13 мың шақырымнан астам тасжол құрылысы мен жөн­деу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар шекара инфра­құрылымын да жаңғырту қолға алынды. Биыл 8 өткізу бекеті то­лық іске қосылады, ал келесі үш жыл ішінде тағы 34 бекет қай­та жаңар­тылады. Нәтижесінде, өт­кі­­зу қабілеті артып, азаматтар мен кә­­сіпкерлерге көрсетілетін қыз­­мет сапасы айтарлықтай жақсарады.

Төлеген Абдуллин,

Көлік министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы

Бөлісу:
Транзиттік мүмкіндік арта түседі · Egemen Qazaqstan