ЖОЛДАУ
2 мин оқу 30

Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Жолдауда инвестиция тарту мен елдің инвестициялық ахуалын жақсартудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың үдемелі фрагментациясы жағдайында бұл міндет ерекше мәнге ие.</p>

Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді

Ел үшін бұл тек бәсекеге қабі­лет­­тілікті сақтап қалу ғана емес, соны­­мен қатар әртарап­тан­дыруға, ин­нова­цияларға, инсти­туцио­нал­дық ортаны дамытуға негіз­дел­­ген жаңа даму нүктелерін қа­лып­тастыру қажеттігін білдіреді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қоры­тындысында ел экономикасына 6,6 млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Жалпы алғанда, 2005 жылдан бері елге 424,3 млрд доллар көлемінде инвестиция тартыл­ған. Сыртқы сын-қатерлерге қара­мас­­тан, Қазақстан халықаралық рей­тинг­­терде оң белгілер көрсетіп те отыр. Мәселен, S&P агенттігі елі­міз­дің жағдайы бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» жақсартып, «BBB-» рейтингін растады. Сонымен қатар «World Competitiveness Ranking 2025» рей­­тингінде бір сатыға көтеріліп, 34-орынды иелендік.

Жаһандық және өңірлік инвес­ти­циялар үшін бәсекелестік кү­ше­йіп жатқан жағдайда еліміз ин­­вес­­­торларға институционалдық қол­дауды арттырды. Осы мақсатта «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Инвестициялар тарту кеңесі (инвестициялық штаб) құ­рыл­ды. Оның негізгі міндеті – туын­дайтын мәселелерді жедел шешу, жобаларды іске асырудың бар­лық кезеңінде көмектесу және жаңа бастамаларды жедел іске қосу. Штаб­тың басты мақсаты – елдің инвес­тициялық тартымдылығын арт­тыру және отандық әрі шетелдік ком­паниялар үшін қолайлы жағдай жасау. Сонымен бірге Мемлекет бас­шысы Активтерді қай­­та­ру коми­те­тін Инвесторлардың құқық­­та­рын қорғау комитеті деп қайта атауды тапсырды.

Инвестициялық тартымды­лық­ты одан әрі арттыру мақ­сатында өткен жылдың қазан айында 2029 жылға дейінгі инвестициялық сая­сат тұжы­рым­­да­масы бекітілді. Бұл саясаттың негізгі мақсаттары: негізгі капи­талға инвестицияларды ІЖӨ-нің 23%-ына дейін ұлғайту; сыртқы инвестиция­лар үлесін 30%-ға дейін жеткізу; 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвес­ти­­­ция тарту. Инвес­тиция тартудың жаңа тәсілі эконо­ми­каның нақты салаларының қажет­ті­ліктерін ескеруге негізделген. Инвес­тицияларға «тапсырыстар» отандық бизнес пен квазимемлекеттік компа­ния­­­­­лардың сұранысына қарай қабыл­­данбақ. Бұл инвести­циялық сая­сат­­тың нысаналы бағыты мен тиім­ділігін арттыруға тиіс.

Жалпы, Қазақстан ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көп­ұлтты кәсіпорындар туралы Дек­ларациясының қағидаттарын ұста­нып келе жатыр.

Ерлан Жақыпов,

Президент жанындағы ҚСЗИ жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы 

Бөлісу:
Бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді · Egemen Qazaqstan