Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Уақыттың табиғаты
<p style="text-align: justify;">Уақыт көзге көрінбейтін, бірақ бәрін өз ырғағымен реттеп отыратын құ­былыс. Ол тыныш ағып жатқан өзен секіл­ді. Біз оның ағысымен жүреміз, бірақ тоқ­тата да, кері бұра да алмаймыз.</p>

Қызығы, кей жануарлар уақытты басқаша сезінеді. Мысалы, масаның өмірі бірнеше сағат қана, ал тасбақа ғасырды көреді. Уақыт екеуі үшін бірдей өтсе де, оны қабылдау айырмашылығы орасан.
Ал адам үшін уақыт – ес пен ойдың өлшемі. Кей сәт көзді ашып-жұмғандай өтеді, кейде бір минут мәңгілікке ұқсайды. Демек уақыттың ағысы тек сыртта емес, біздің санада да бар. Бәлкім, уақыт ғаламның емес, адамның ішкі өлшемі шығар…
Дайындаған – Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
Бөлісу:

